Ата заң • Кеше

Жүрсін Ерман: Жаңа конституция – елдің, халықтың үміті  

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Жүрсін Ерманов конституциялық реформағақатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүрсін Ерман: Жаңа конституция – елдің, халықтың үміті  

«Еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа жүргізу жөніндегі жұмыстар басталғалы елдің ішінде едәуір өзгерістер болып отыр. Елдің тәуелсіздігін, жердің бүтіндігін, ұлттың амандығын қостайтын азаматтардың барлығы пікірлерін білдіріп жатыр. Конституцияның баптарын өзгерту жөнінде қаншама ұсыныстар түскен. Оның барлығын бәріміз қол аяғымызды көтеріп қолдайтын ұсыныстар. Жаңадан құрылатын Халық кеңесі бірқатар іргелі өзгерістердің басында тұрған шара болып көрінеді. Конституциялық реформа деген оңай шаруа емес. Барлығы жақсылыққа бастасын», дейді ақын. 

Ол елдің, халықтың үміті жаңа саяси жаңғырудың жолында екенін айтты.

Мемлекеттік кеңесші: жаңа Конституция – ұлттық мүддені көздейді

«Мен шығармашылық интеллегенцияның өкілі ретінде осының бәрін қолдаймын», деп атап өтті Жүрсін Ерман.

Соңғы жаңалықтар