Фото:depositphotos.com
Тексеріске перзентхана босанған әйелдің қайғылы қазасы себеп болған.
«Тексеру аясында медициналық персоналдың барлық кезеңдегі әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Бақылау іс-шаралары аяқталған соң тексеріс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданады», делінген ДСМ хабарламасында.
Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілетіні айтылды.
217 млн теңге: Шымкентте жүкті әйелдердің атына жалған әлеуметтік төлемдер рәсімделген
Министрлік науқастардың қауіпсіздігі қағидаттарына берік екенін және медициналық этика талаптарының бұзылуына төзбейтінін атап өтті.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында босанған әйелдің күмәнді жағдайда қайтыс болғанын хабарлаған. Ресми нұсқаға сәйкес, әйел белгісіз себептен туындаған сепсис салдарынан көз жұмған. Алайда марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олардың айтуынша, жауапкершілік тек ауруханаға ғана емес, жүкті әйелді есепке алмаған емханаға да қатысты болуы мүмкін.
Астанада жүкті әйелдің жүрегі бір сағатта үш рет тоқтап тірі қалды