Мәселе • Бүгін, 08:33

Жолдағы «қаралы статистика» қашан азаяды?

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жол апатының статистикасы әлі де жабырқатып тұр. Былтыр өңірде 980 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 147 адам қаза тапқан. 1 147 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Қауіпсіздік шаралары күшейтілгенімен, апат санының азая­­тын түрі байқалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да осы тақырып аясында қойылған сұраққа жауап бере отырып, мәселенің өте өзекті екенін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа технология­ларды енгізіп, жасанды интеллект жүйесін кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.

Жолдағы «қаралы статистика» қашан азаяды?

Көлік апаты – Үкіметтің үнемі назарындағы мәселе. Президент қыркүйек айын­дағы Жолдауында да жол қауіпсіздігіне айрықша назар аударып, оны халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей ықпал ете­тін маңызды фактор ретінде атап өтті.

Қазір жол-көлік оқиға­ла­ры жекелеген құқық қорғау органдарының жұмыс аясынан әлдеқашан шығып, мемлекеттік деңгейдегі өзекті әлеуметтік проб­ле­малардың біріне айналды. Өйт­кені әрбір жол апатының артында адам тағдыры, отбасының қайғысы, қоғамның орны толмас шығыны тұр.

Мемлекет басшысы «Қазақ­стан жаңғырудың жаңа кезе­ңіне қадам басты» атты сұхба­тын­да жол-көлік оқиға­ла­рының алдын алу мәселесіне тағы да арнайы тоқталып, бұл түйткілдің жаһан­дық сипатқа ие екенін атап өтті. Пре­зиденттің айтуынша, жол апат­тарының көбеюіне әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі – автокөліктер санының қарқынды өсуі. Бұл үрдіс тек бізге ғана тән емес, көптеген мемлекеттерде байқалып отыр.

Ресми деректерге сүйен­сек, елі­мізде автокө­лік­тер саны бір жыл­дың ішінде 300 мыңға артса, кейінгі бес жылда бұл көрсеткіш 1,7 миллионға жеткен. Бұған қоса, еліміз аумағы арқылы жыл сайын шамамен 3 мил­лион транзиттік автокөлік өтеді. Мұндай ауқымды қозғалыс жол инфра­құрылымына түсетін сал­мақты арттырып, көлік ағынын күрделендіре түсе­тіні анық. Сала мамандары да авто­көлік саны ұл­ғай­ған сайын жол-көлік оқиға­ла­ры­ның орын алу қау­пі жо­ғарылайтынын алға тарта­ды.

Осыған байланысты мемлекет тарапынан жол қауіпсіздігін қам­та­масыз ету­ге бағытталған нақты әрі жүйелі шаралар қолға алынып келеді. Ішкі істер министр­лігі жол қозғалысы ережелері сақталуын бақы­лауды күшейтіп, құқық бұзу­шылықтарды анық­­тау мен олардың алдын алу жұ­мыс­тарын жандандырып отыр. Сонымен қатар жол инфра­­құры­лымын жаңғырту, за­ма­на­уи бақылау тетіктерін енгізу, бей­­не­­бақылау жүйе­лерін кеңі­нен қолдану жұ­мыс­тары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Айыппұл мөл­шерінің ұлғаюы да жазалау мақсатынан бұ­рын, жол үстіндегі тәр­тіпті қалып­тас­тырып, адам өмі­рі­нің қауіпсіздігін қамта­масыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.

Бұл шаралардың бар­лығы жол қоз­ғалысына қа­тысу­шы әр­бір азамат­тың жауап­кершілігін арт­тырып, қауіп­сіз әрі мәдениетті көлік жүргізу ортасын қалыптас­ты­руды көздейді.

Жолдағы әрбір ереже – адам өмірін қорғау үшін жазылған. Алайда оны елемейтіндер азаймай тұр. Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімовтің айтуынша, жол-көлік оқиға­ла­рына көбіне шамадан тыс жылдамдық асыру, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүр­­­гін­шіні өткізбеу, мас күйінде рөлге отыру себеп болады.

– Бұл – салғырттықтың салдары, жауапсыздықтың көрінісі. Жүргізуші жол ережесін білмеуі мүмкін, бірақ көбіне оны біле тұра бұзады. Ал мұндай нем­құ­рай­ды­лық­тың өтеуі тым ауыр – адам өмірі. Сондықтан рөлге отырған әр адам бір сәттік асығыстықтың орны толмас қасіретке айналуы мүмкін екенін ұмытпауға тиіс, – дейді ол.

Облыс аумағында жол қауіп­сіз­дігі мәселесі әлі де өткір күйінде қалып отыр. Жоғарыда аталған статистика – әр цифрдың артында тағдыр, әр деректің астарында орны толмас өкініш тұрғанын аңғартатын ауыр көрсеткіш.

Осындай жағдай жол қоз­ға­лы­сы қауіпсіздігін қам­­тама­сыз ету бағытында шұғыл әрі заманауи шешім­дер қабылдауды күн тәртібіне шығарды.

Жүргізілген талдау түнгі уа­қыт­та бола­тын жол апат­та­ры­ның басты себеп­­терінің бірі – жүргізу­ші­лер­дің ұйқылы-ояу күйде көлік басқаруы екенін көр­сетті. Осыған байланыс­ты облыстық полиция депар­таменті «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен бірлесіп, елімізде алғаш рет аркалы кон­струк­цияларға орнатылған қуат­ты әрі төмен интенсивті лазер­лер­ді қолдану жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады. Қазір мұндай 11 нысан іске қо­сыл­ған. Инновациялық жүйе жүргізушінің назарын арттырып, ұйқышылдықты сейілтуге ықпал етеді. Нәти­жесінде, түнгі уақытта болатын апаттардың алдын алуға нақты мүмкіндік туып отыр.

Жол-көлік оқиғаларының тағы бір негізгі себебі – жылдам­дық режімінің сақ­­талмауы. Бұл мәселені тежеу мақсатында елді мекендерде және республикалық маңызы бар автожолдарда жыл­дам­дықты автоматты түрде тір­кейтін «Екин-Патрол» кешендері, сондай-ақ жасырын патрульдеуге арналған «Оракул» жүйелері кезең-кезеңімен орнатылып жатыр. Аталған технологиялар тек заң бұзушылықты тіркеумен шек­телмей, жүр­гізушілердің жауап­кер­шілігін арттыруға, тәр­тіп мәдениетін қалыптас­ты­ру­ға бағытталған.

Сонымен қатар жаяу жүргін­шілердің қауіпсіздігіне де айрық­ша назар аударылып келеді. 2024 жылғы
1 шілдеден бастап Қарағанды және Теміртау қалала­рында «Argus-жаяу жүргінші» авто­маттандырылған бақылау ке­шендері іске қосылды. Бұл жүйе жаяу жүргіншіге жол бермеген жүр­гізушілерді автоматты түрде анықтайды. Ал жалпы тағы осындай 15 кешен сатып алу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, жаяу жүр­­гін­шілер тарапынан жасала­тын жол ережесі бұзу­шы­лықтарын анық­­тауға мүм­кіндік беретін, бет-әлпетті тану функциясы бар «Ақыл­ды жаяу жүргіншілер өткелі» ке­шенін тестілік режімде енгізу көзделген. Бұл бастамалар жол­­дағы қауіпсіздікті технология ар­қылы қамтамасыз етудің жаңа кезеңіне жол ашпақ.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар