Фото: ЖИ
Америкалық ғарыш агенттігінің мәліметінше, Apple гаджеттері Халықаралық ғарыш стансасына жоспарланған Crew-12 миссиясы мен Айға ұшуды көздейтін Artemis II бағдарламасы аясында қолданылмақ.
NASA бұл қадамын экипаж мүшелеріне үйреншікті функционалды қамтамасыз ету ниетімен түсіндірді. Астронавттар смартфондарды мына мақсаттарда пайдаланады:
- Білім беру контенттерін жасау;
- Жеке мұрағат үшін сапалы фото мен видео түсіру.
Айта кетейік, бұл – мобильді құрылғылардың АҚШ ғарыш агенттігінің кемелерінде пайдалануға ресми рұқсат алған алғашқы жағдай.
iPhone-да геолокацияны оператордан жасыратын функция пайда болды