Елорда • Бүгін, 16:52

Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға байланысты дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды

Фото: CTS

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазір инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

«Шыңғыс Айтматов көшесі бойымен өтетін LRT жобасының екінші кезеңіне арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау аясында топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары атқарылып жатыр», деді компания өкілдері.

Компания мәліметінше, бұл жұмыстар LRT желісін әрі қарай жобалау және қандай техникалық шешім қолданатынын анықтау үшін қажет.

LRT желісі қыркүйек айында іске қосылады

Айта кетейік, Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар