Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:30

Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау – прокуратура қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі. Осы бағытта Орал қаласында жүйелі жұмыс жүргізіліп, нақты нәтижеге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Қала прокуратурасының бастамасымен 2025 жылы алимент өндіру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 734 миллион теңге өндірілді. Бұл – алимент өндіру тетіктерін күшейту мен борышкерлерге қатысты талаптың қатаңдатылғанын көрсетеді.

Динара Закиева: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі

Прокуратураның үйлестіруімен алимент төлеуден қасақана жалтарған, жұмысқа орналасу жөнінде де әрекет жасамаған, 1 761 252 теңге көлемінде берешегі бар борышкер анықталды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп танып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды

Жалпы, Орал қаласында осы бап аясында алты борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, алимент өндіру туралы сот шешімдерін орындамаған 185 адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

БҚО-да үш жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам қамауға алынды

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 416 баланың құқығы қорғалып, 288 борышкер жұмыспен қамтылды. Бұл алимент мәселесін тек жазалау арқылы емес, әлеуметтік тетіктермен де шешуге болатынын көрсетіп отыр.

Прокуратура өкілдері алиментті уақытылы төлеу – әрбір ата-ананың заңмен бекітілген міндеті екенін еске салады. Баланың құқығы мен мүддесі кез келген жағдайда бірінші орында тұруға тиіс.

Соңғы жаңалықтар