Оқиға • Бүгін, 12:59

Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қол күресінен әлемге танымал «Шардара армспорт» клубы еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген үздік спортшыларына ерекше құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.

Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді

Клубтың негізі қаланған күнге орай Түркістан облысы Шардара қаласындағы спорт кешенінде қол күресінен ауданның ашық біріншілігі өтті. Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімі, «Шардара армспорт» клубының негізін қалаушы Арман Қарсыбаев қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, қол күресі жастарды төзімділікке, табандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды спорт түрі екенін атап өтті.

Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер кілті табысталды

Сонымен қатар салтанатты жиында армрестлингтен жасөспірімдер арасында төрт дүркін әлем чемпионы Жасурбек Маманиязға «Шардара армспорт» спортшылары атынан 5 бөлмелі тұрғын үйдің кілті табысталды. Осылайша ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырған жас чемпионның еңбегі бағаланып, зор құрметке бөленді. 

Айта кетелік, чемпионның анасы – сегіз ұл-қыз тәрбиелеп отырған ардақты жан. Спортшылар тарапынан жасалған бұл игі істі барша Шардара жұртшылығы қолдап, отбасы қуанышына ортақтасты.

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35