Атап айтқанда, Түркіменстан және Иран бағытында рұқсат етілмеген тасымалдау жүйесі енгізілді. Бұл жүк көліктерінің қозғалысын жеделдетіп, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік берді. Ал Түркиямен уағдаластыққа қол жеткізілуі Таяу Шығыс пен Еуропаға шығатын дәліздердің әлеуетін арттырды.
Қазақстан автотранзит саласында тағы бір маңызды нәтижеге қол жеткізді. Ел Қытай аумағы арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы мемлекет атанды. Сонымен бірге ҚХР және Өзбекстанмен бірлесіп, шетелдік рұқсат бланкілерінің 65%-ы цифрлы форматқа көшірілді. Бұл тасымал рәсімдерінің ашықтығын арттырып, уақыт пен шығынды қысқартуға жол ашты.
Басқа басылымдардан: Қазақстан негізгі транзиттік дәліздерді дамытып жатыр
Нарықтағы тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында ел аумағында жүк көліктерін цифрлы өлшеу жүйесі енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде айыппұлдарды автоматты түрде рәсімдеу жүйесімен біріктірілген 73 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған. Бұл артық жүктеме мен жол инфрақұрылымына келетін залалды азайтып, тасымал саласындағы әділ бәсекені қамтамасыз етуге бағытталған.
Қабылданған шаралар халықаралық автотасымалдың институционалдық негізін нығайтып қана қоймай, Қазақстанды өңірлік логистикалық хаб ретінде орнықтыруға қызмет етеді.