Елорда • Бүгін, 00:06

Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы TargetAI IT-компаниясының кеңсесінде №49 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлымен кездесу өтті. Әділхан мектептердегі төбелес жағдайларын анықтауға арналған қауіпсіздік жүйесінің концепциясын әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды

TargetAI компаниясы оқушыны таныстыру экскурсиясын өткізу, әзірлеушілер командасымен кәсіби диалог орнату, сондай-ақ елорданың білім беру ұйымдарында қолданылып жүрген жасанды интеллект негізіндегі шешімдердің практикалық мүмкіндіктерін көрсету мақсатында арнайы шақырды.

Кездесуге Әділханның мектеп жобасының жетекшісі Айдос Болатбекұлы, информатика пәнінің мұғалімі Бекарыс Батырханұлы, TargetAI компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Зарина Жахина, сондай-ақ компания әзірлеушілері – Шерхан Сыздықов, Нияз Төлеуов және Әнуар Сүлейменов қатысты.

Әділханның жобасы буллинг пен төбелес жағдайларын ерте кезеңде анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған. Кездесу барысында қатысушылар жобаның техникалық іске асырылуын, этикалық аспектілерді және дербес деректерді қорғау мәселелерін талқылады.

Іс-шара аясында Зарина Жахина TargetAI компаниясының флагмандық өнімі – TargetEYE платформасының мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінгі таңда платформа Астана қаласы әкімдігі мен Astana Innovations қолдауымен іске асырылып жатқан «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы шеңберінде Астанадағы 122 мемлекеттік, 77 жекеменшік және 7 республикалық мектептің бейнебақылау жүйелерімен интеграцияланған.

Жасанды интеллектіге негізделген автоматтандырылған мониторинг мектептердің кіреберіс аймақтары мен периметрін бақылауға, сондай-ақ төбелес пен буллингтің пайда болу және ушығу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Оқиға анықталған жағдайда TargetEYE жүйесі дабыл сигналы бар оқиғаны қалыптастырып, тиісті қызметтерге жедел түрде хабарлама жолдайды.

2026 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша TargetAI еліміздің сегіз қаласы мен өңірінде бейнеаналитика жобаларын жүзеге асырып отыр. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі, сондай-ақ Астана қаласының мектептерінде Кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілген. TargetAI экожүйесіне қосылған камералардың жалпы саны 120 000 құрылғыдан асады. Осылайша, TargetAI платформасы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында іс жүзінде ведомствоаралық цифрлық құрал ретінде қызмет атқарып отыр.

TargetAI компаниясы дарынды мектеп оқушыларын ерте кезеңде қолдаудың және жастардың қолданбалы технологиялық құзыреттерін дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Болашақта біз Әділханға тағылымдамадан өту мүмкіндігін, сондай-ақ оның жобасын әрі қарай дамыту үшін сараптамалық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге дайынбыз», деді TargetAI компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Зарина Жахина.

Соңғы жаңалықтар