Ауа райы • 11 Ақпан, 2026

Қарлы боран, көктайғақ, қатты жел: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 11 ақпанға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарлы боран, көктайғақ, қатты жел: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды. Жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі болжанады.

Батыс өңірлерде, оңтүстікте, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында, сондай-ақ түнде Түркістан облысының таулы асуларында желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Бұйырғаны – жеті жүлде

Күрес • Бүгін, 09:05