Футбол • Бүгін, 13:20

Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шабуылшы Абат Айымбетов ресми түрде Петролул Плоешти футбол клубының ойыншысы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты

Фото: instagram.com/fcpetrolul.official

30 жастағы отандасымыз Қазақстан құрамасы үшін 45 ойын өткізіп, 9 гол соққан. Ол румыниялық клубтың шабуыл шебінде өнер көрсетеді. 

Абат Айымбетов кейін «Адана Демирспор» сапында доп теуіп, Түркия Премьер-лигасында өткізген бір жарым маусымда 37 ойында алты гол соққан. Сондай-ақ ол бұған дейін «Қайрат Алматы» (Қазақстан), «Самара» (Ресей), «Астана» (Қазақстан) және «Ақтөбе» (Қазақстан) командалары сапында өнер көрсеткен. 

«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді

шш

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Оның қоржынында үш ұлттық чемпионат жеңімпазы атағы мен Қазақстан кубогі бар.

Айта кетейік, Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Астанада өтетінін ресми түрде жариялады.

Соңғы жаңалықтар