Фото: gov.kz
Министрлік саладағы шығындарды азайту мақсатында білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға көңіл бөледі. Соның аясында есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады.
Бұған қоса кездесуде өңірлердегі кризистік менеджменттің сапасы, бала қауіпсіздігі министрліктің үнемі бақылауында екені айтылды.
Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады
Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауды тапсырды. Ал өңірлік басқарма басшыларына жергілікті жерде жедел әрі батыл шешімдер қабылдауды жүктеді.