Спорт • Бүгін, 15:52

Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілі Индира Бектенова 2026 жылы Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына ресми шақырту алды. Ол байдарка мен каноэде есу спортынан халықаралық техникалық төреші (ITO) ретінде қызмет атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Индира Бектенова – бұл спорт түрінен Қазақстаннан шыққан халықаралық санаттағы алғашқы әйел төреші.
«Қазақстан атынан ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, әйелдер арасында халықаралық санатқа ие болған алғашқы қазақ төреші атану – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – көпжылдық еңбектің және әлемдік спорт ұйымдары сенімінің нәтижесі», деді И. Бектенова.
Сонымен қатар ол Венгрияның Сегед қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінде Халықаралық федерация (ICF) төрешілер алқасының құрамында мәре сызығындағы төреші (Finish Line Judge) қызметін атқарады.
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді. Жарыс бағдарламасына 41 спорт түрі енген, онда 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Соңғы жаңалықтар