Тұлға • Бүгін, 08:00

Жақсының жары

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі қауым өткен ғасыр басында күллі қазақ баласына «Оян!» деп жар салған Міржақып Дулатұлын жақсы білсе керек. Осы кісінің жазба және құжаттық мұраларын көзінің қарашығындай сақтап, бүгінге жеткізген жалғыз тұяғы – Гүлнар Міржақыпқызы.

Жақсының жары

Әбен Сатыбалдиев және жары Гүлнар Дулатова. 1963 жыл

Осы орайда айт­па­ғымыз, 1999 жылы ақын Шө­міш­бай Сариев тектінің тұяғы Гүлнар апамызға жо­лығып, көлемді сұхбат жүргізген екен. Бұл жазба «Ақиқат» журналының осы жылғы №9–10 сандарында жарық көріпті.

– Гүлнар апайдың үйінің төргі үлкен бөлмесіне Әли­хан Бөкейхан, Ахмет Бай­тұрсынұлы және өз әкесі Міржақып Дулатовтың сурет­терінің қасына жары Әбен Сатыбалдиевтің портретін арыстармен бірдей дәргейде қатар іліп қойыпты, – деп жазады Шөмішбай Нағашыбайұлы. Ақын бұл көрініске таңдана һәм таңырқай қарап тұрып қалады. Соны сезген Гүлнар апай:

 – Айналайын қарағым, сенің көкейіңде «мына ұлылардың қатарында Әбен Сатыбалдиев неғып қатар тұр» деген сұрақ кептеліп тұрған шығар. Ай­тайын. Мен өз ғұмырымда «Гүлнар Дулатова халық жа­уының қызы» деген сөзді қатыгез заманнан, қасіретті қоғамнан қаймықпай қалай алып жүрсем, Әбен де мен сияқты «алашордашыл, халық жауының күйеу баласы» деген ауыр тауқыметке қаймықпай, қасқайып қарсы тұрған адам.

Бұл ғаламда менің адам баласына бермес қайғы-қасіретімді түсінген Әбен ғана. Жарықтық тумысынан ақынжанды еді. Маған арнап жазған «Гүлім-ай» өлеңінде:

«Зұлымдықтың көрдің талай тепкісін,

Өмірге сен туған күннен кектісің,

Қанша улы шер қатса да ішіңде,

Сездірмеуші ең өзгертпестен сырт пішін»,

деп жазғаны бар. Әбен қазіргі кейбір «азаматпын» деп жүрген адамдардың көбінен таяқ жеді. Олармен шекісіп жатпайтын «Мен Дулатованың шоферімін, осыған шүкір» деп көлігін қозғалтып жүре беретін. Өзі «Міржақыптың күйеу баласы» деген сөзді мақтан тұтатын. Маған «Алаш азаматтары түбінде ақталады. Сен осы бастан білгеніңді жаза бер. Болмаса мен сияқты хатшың бар, маған жаздыр» дейтін еді. Бірақ Әбенім атасының ақталғанын көре алмады, 1974 жылы 60 жасында бақилық болды, – дейді.

Әбен ағамыздың азамат­тығы туралы жазушы Мұхтар Мағауин: «Халық жауының» қызын жар қылып алу үшін де жүректің әжептәуір түгі болу керек. Осы орайда, Әбен Сатыбалдиев отбасындағы береке қызықпен қоса сырттан соғар ызғардың лебін сезе отырып, Гүлнар Міржақыпқызын жары ретінде қалаған екен. Егер тайғақ дәуірдің тарам жолында дәл осындай сүйеніш серік кездеспесе, Гүлнар апайдың тағдыр-талайы басқаша сызылар еді» деп жазыпты (Г.М.Ду­латова Алаштың сөнбес жұл­дыздары: естелік – эссе. – Алматы: Мектеп, 2022. 4-б). 

Соңғы жаңалықтар

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Үй емес, музей дерсің!

Мирас • Бүгін, 08:20