Қоғам • Бүгін, 11:34

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

Фото: gov.kz

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді. Әзірге шенеуніктің нақты қандай күдікке ілінгені ресми түрде хабарланған жоқ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2025 жылдың сәуір айында тағайындалған. Бұған дейін ол облыс әкімінің кеңесшісі болған. 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарып, одан бұрын Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр, қосымша мәліметтер жарияланған жоқ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды

Соңғы жаңалықтар