Қысқы спорт • Бүгін, 09:24

Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінің бүгінгі жарыс күнінде Софья Самоделкина еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы бәсеке 23:00-де отандық арналар арқылы тікелей эфирде ұсынылады.

Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 68,47 ұпай жинап, осы нәтижемен аралық есепте 12-орынға жайғасты.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Ами Накаи 78,71 ұпаймен көш бастап тұр.

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

Айта кетейік, қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50