Саясат • Бүгін, 11:37

АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ билігі Сирия аумағында қалған шамамен мыңға жуық сарбазын толық әкетуге дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр

Фото: Carlos Barria/Reuters

The Wall Street Journal басылымының дерегінше, әскерді әкету шарасы шамамен екі айға созылады. Қазір АҚШ әскері елдің солтүстік-шығысындағы бірқатар базадан кетіп үлгерген. Атап айтқанда, олар Әл-Хасака провинциясындағы нысанды босатты. Бұл база тараптардың үйлестіруімен Сирия армиясының дәргейіне өткен. Бұған қоса, өткен аптада АҚШ әскерилері елдің оңтүстігіндегі ат-Танф базасынан да кеткен.

АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады

Былтыр сәуірде америкалық БАҚ Сириядағы әскер санын азайту мәселесі қарала бастағанын жазған. Сол кезде сегіз базаның үшеуін жабу, ал контингентті 2 мыңнан 1 400 адамға дейін қысқарту көзделген еді.

АҚШ Кариб теңізінде 2 кемеге соққы берді

Сирия аумағындағы әскери операция өткен жылдың желтоқсанында басталған еді.

Соңғы жаңалықтар