Байқауға қатысушыларға Рамазан айының келгенін сүйіншілеу, ораза айының артықшылығын жеңіл түрде жеткізу, дін мен дәстүрдің сабақтастығын көрсету, жарапазан айту ата-бабадан мұра болған дәстүр екендігін айту шарттары қойылды.
Байқауға 30-дан астам жарапазан мәтіні келіп түсті. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Ислам ғылыми зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр, Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Бауыржан Мырзақұл және тағы басқа қазылар осы мәтіндер арасынан жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде бірінші орынға – Біләл Қуаныш (Алматы қаласы), екінші орынға – Еркебұлан Қайназар (Астана қаласы), үшінші орынға Ботакөз Мұхиден (Астана қаласы) ие болды. Ең үздік жарапазан мәтіні Рамазан айында орындалып, басқа жарапазан мәтіндері сайтқа жарияланады.
Айта кетейік, байқау уақыт талабына сай жарапазан жырын жаңа үлгіде жазып, халыққа ұмыт болып бара жатқан жарапазан жырын айту дәстүрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.