Зерде • Бүгін, 10:02
«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?
Кеңестік қуғын-сүргін кезінде Алаш зиялыларымен қатар дін қайраткерлері де қуғындалды. 20-жылдардың бел ортасынан басталған дін қызметкерлерін қудалау саясаты 1937–1938 жылдары шегіне жетіп, дін адамдарын ату жазасына кесумен аяқталды.
Әдебиет • Бүгін, 09:47
Мұқағали Мақатаевтың «Шәмілге жазған хаттардан» деген атақты топтамасы бар. Ақын іште тұншыққан шерін Шәмілге мұң шағу арқылы жеткізеді. Өзіне сұрақ қойып, содан жауап іздейді.
Мирас • 21 Сәуір, 2026
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетіне жариялаған «Бөкейліктердің мүфтилікте қалуы» мақаласында: «1801 жылы Бөкей хан он алты ру елімен қайтадан Жайықтың күнбатыс жағына көшіп, қоныс алған екен» десе, жазушы Мұхтар Мағауин: «Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұрынғы Алтын орданың, кейінгі ноғай-қазақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қоныстануға мүмкіндік алды», деп жазған болатын. Биыл осы Бөкей ордасының құрылғанына – 225 жыл.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2026
«Айқап» журналында жарияланған алғашқы өлең кімдікі екенін білесіз бе? Журналдың ең алғашқы №1 санында Ыбырайдың өлеңі басылды. Өлеңге «Марқұм Ыбырай Алтынсарин сөзі» деген түсініктеме берілді. Ал сол кездегі көзі тірі ақындардан алғаш жарияланған Мағжан Жұмабаевтың «Жатыр» өлеңі еді. Мағжанның жыры «Айқаптың» №2 санында жарияланды.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Кекілбаев тұлғасына арналған кітап
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғимаратында мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен қызмет жолына арналған «Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және академия қызметкерлері қатысты.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Италияның Болонья қаласында халықаралық «Bologna Children’s Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкеcі өтті. Балалар кітаптарының жәрмеңкесі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл көрмеге алғаш рет еліміздің баспалары қатысты.
Қоғам • 10 Сәуір, 2026
«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Астанадағы Ұлттық музейдің мәжіліс залында «Батаменен ел көгерер» атты республикалық батагөйлер байқауы қорытындыланды. Салтанатты жиында Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаев, Ерболат Саурықов, сондай-ақ «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейітжанов сөз алып, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Кино • 10 Сәуір, 2026
Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаев түсірген тамаша фильм көп-ақ. Соның ішінде шоқтығы биік туындысы – 1966 жылы экранға жол тартқан «Қилы кезең» көркем фильмі. Қилы кезеңнің қалтарыс-бұлтарысын астарлап жеткізген, қазақ тарихында айшықты орны бар фильмнің жарыққа шыққанына – 60 жыл. Осы фильм авторы, сұңғыла суреткер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толады.
Жәдігер • 08 Сәуір, 2026
Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы «Сандалтқан «Садақ» кітабында көктен іздегені жерден табылғандай, осы тарихи қолжазба журналдың бірнеше санын профессор Қайыржан Бекхожиннен алғанын шабыттана жазады. «Қаптаған көп кітаптың арасынан қалыңдығы төрт елі, мұқабасы жыртылған маталы түптің жоғары және төменгі жағына әшекейлеп қара бояумен өрнек салып, орта тұсына «Садак киргизов» деп тасқа басылған сөзі бар, 575-бетіне «Ғалия» кітап-оқуханасы деген таныс штамп басылған салмақты да көлемді кітапты қолыма ұстатты. Жүрегім жарылып кетердей тулап қоя берді», дейді ол. Біз де осы мөрді көруге асықтық.
Зерде • 03 Сәуір, 2026
Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан қоғамдық-саяси қызметімен қатар журналистикаға да елеулі үлес қосты. Оның алғашқы мақалалары 1880 жылдардың соңынан жариялана бастады. Петербордан жоғары білім алып Омбыға оралған соң, осы қаладағы басылымдарда қызмет етіп, қазақ халқының өзекті мәселелерін жариялай бастады.