Taza.kz
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
41 материал табылды

Әдебиет • Кеше

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

«Айқап» журналында жарияланған алғашқы өлең кімдікі екенін білесіз бе? Журналдың ең алғашқы №1 санында Ыбырайдың өлеңі басылды. Өлеңге «Марқұм Ыбырай Алтынсарин сөзі» деген түсініктеме берілді. Ал сол кездегі көзі тірі ақындардан алғаш жарияланған Мағжан Жұмабаевтың «Жатыр» өлеңі еді. Мағжанның жыры «Айқаптың» №2 санында жарияланды.

Қоғам • Кеше

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Президент жанындағы Мемле­кет­тік бас­қару академиясы ғима­ратында мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен қызмет жолына арнал­ған «Кекілбаев тұл­ғасы» кітабының тұсау­кесер рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент депу­тат­тары, қоғам қай­рат­керлері, зиялы қауым өкілдері және академия қызметкерлері қатысты.

Қоғам • 16 Сәуір, 2026

Жас өрендердің кітап көрмесі

Италияның Болонья қаласында халықаралық «Bologna Children’s Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкеcі өтті. Балалар кітаптарының жәрмеңкесі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл көрмеге алғаш рет еліміздің баспалары қатысты.

Қоғам • 10 Сәуір, 2026

Батагөйлер байқауы

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Астанадағы Ұлттық музейдің мәжіліс залында «Батаменен ел көгерер» атты республикалық батагөйлер байқауы қорытындыланды. Салтанатты жиында Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаев, Ерболат Саурықов, сондай-ақ «Ауыл» партия­сы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейітжанов сөз алып, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Кино • 10 Сәуір, 2026

Қарсақбаевтың «Қилы кезеңі»

Талантты режиссер Абдолла Қар­сақ­баев түсірген тамаша фильм көп-ақ. Соның ішінде шоқтығы биік туын­дысы – 1966 жылы экранға жол тарт­­қан «Қилы кезең» көркем фильмі. Қилы кезеңнің қалтарыс-бұлтарысын ас­тар­лап жеткізген, қазақ тарихында ай­шықты орны бар фильмнің жарыққа шық­­қанына – 60 жыл. Осы фильм ав­торы, сұңғыла суреткер Абдолла Қарсақ­баев­тың туғанына 100 жыл толады.

Жәдігер • 08 Сәуір, 2026

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы «Сандалтқан «Садақ» кі­табында көктен іздегені жерден табылғандай, осы тарихи қол­жазба журналдың бірнеше санын профессор Қайыржан Бекхожиннен алғанын шабыт­тана жазады. «Қаптаған көп кітаптың арасынан қалың­дығы төрт елі, мұқабасы жыр­­тыл­ған маталы түптің жоға­ры және төменгі жағына әшекейлеп қара бояумен өрнек салып, орта тұсына «Садак кир­гизов» деп тасқа басылған сөзі бар, 575-бетіне «Ғалия» кітап-оқуханасы деген таныс штамп басылған салмақты да кө­лемді кітапты қолыма ұс­тат­ты. Жүрегім жарылып ке­тер­дей тулап қоя берді», дей­ді ол. Біз де осы мөрді көруге асықтық.

Зерде • 03 Сәуір, 2026

Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы

Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан қоғамдық-саяси қызметімен қатар журналистикаға да елеулі үлес қосты. Оның алғашқы мақалалары 1880 жылдардың соңынан жариялана бастады. Петербордан жоғары білім алып Омбыға оралған соң, осы қаладағы басылымдарда қызмет етіп, қазақ халқының өзекті мәселелерін жариялай бастады.

Тарих • 21 Наурыз, 2026

Жүз жыл бұрынғы жыр

Осыдан тура 100 жыл бұрын, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылы 22 наурыздағы санында Бейімбеттің «Наурыз күні» деген өлеңі жарияланды. Дәл осы жылдан бері Наурыз мерекесі «ескіліктің қалдығы» саналып, оны тойлауға тыйым салынды. 1988 жылдан бастап Наурыз қайтадан тойлана бастады. Осыған байланысты «Социалистік Қазақстан» газетінің 1989 жылғы 22 наурыздағы №68 санында Бейімбеттің «Наурыз күні» өлеңі қайта басылды.

Наурызнама • 21 Наурыз, 2026

Жылқы жалындағы жыл

Желдей жүйткіп кісінеген жылқы жылы есігімізден енді. Қазақ жыл­қыны ұлттың рухани, мәдени, әлеуметтік өмірінің өзегі ретінде қа­рас­­­тырады. «Ер қанаты» деп бәсін биіктетіп, жеті қазы­наның бірі деп баға­лайды. Жылқы қасиеті, жасы, тегі, түсі, мінезі мен қабі­л­е­тіне қарай бірнеше түрге жікте­леді. Сонымен қатар жылқы­ның қазақ та­ны­мындағы орны ерекше. Осы орайда қазақ мифологиясында кез­­­де­­сетін суын, керқұ­дан (керқұлан емес), пы­рақ секілді ерекше тұл­пар­­ларға тоқталмақпыз.

Жәдігер • 18 Наурыз, 2026

Құны алпыс жылқы сәукеле

Петербордағы Ресей Ғылым академиясына қарасты Антропология және этнография музейіндегі (Кунсткамера) жәдігерлер қатарында қазақ тұрмысына қатысты мыңнан аса құнды дүние сақталған. Соның бірі – қазақ қызының қымбат сәукелесі.

Яндекс.Метрика