Қоғам • Бүгін, 15:53

Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде KazChessLab инновациялық зертханасының ашылу салтанаты өтті. Зертхана Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауымен QyzPU мен Қазақстан шахмат федерациясы арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова қатысты.

KazChessLab – болашақ мұғалімдерді жалпы білім беретін мектептерде шахмат пәнін оқытуға даярлауға бағытталған заманауи білім беру алаңы. Зертхана шахматтық білім беру әдістемесін дамыту орталығына айналып, студенттердің практикалық оқыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Орталықта шеберлік сабақтары, ғылыми семинарлар, студенттердің практикалық сабақтары өткізіледі.

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді

Ашылу салтанатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, шахматты стратегиялық тұрғыда дамыту қадамдарына тоқталды.

«2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен шахмат ойынын стратегиялық тұрғыда дамыту туралы жоспары бекітілді. Әр бала мектеп кезінен шахматпен таныс болып, жетік меңгеруі тиіс. Қазіргі таңда елімізде шахмат бойынша айтарлықтай биік жетістіктеріміз бар. Осы жетістіктерімізді ары қарай дамыту үшін ең алдымен ұстаздар қажет», деді министр.

аа

Бағдарлама педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналып, minor форматында жүзеге асырылады. Курсты тәмамдаған болашақ мұғалімдер мектепте шахмат пәнін оқыту құқығын растайтын сертификат алады. Іс-шара аясында осы бағыт бойынша даярлықтан өткен алғашқы 25 жас маманға сертификаттар табысталды.

Өткен жылы ең көп табыс тапқан шахматшылар белгілі болды

Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова шахматты оқытудың маңыздылығына ерекше тоқталып, студенттер мен оқытушыларға сәттілік тіледі.

«Университетімізде KazChessLab инновациялық зертханасының  ашылуы – білім беру мазмұнын жаңғыртуға, болашақ педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Шахмат – жай ғана ойын емес. Ол – стратегиялық ойлау мәдениеті, жауапкершілік пен табандылық мектебі. Осы пәнді кәсіби деңгейде оқыта алатын мұғалімдерді даярлау – бүгінгі күннің өзекті міндеті», деді ректор.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов көпжылдық жұмыстың қорытындысын жасап, лабораторияның ашылуын тарихи кезең ретінде бағалады.

«Қазақстанда шахмат бірнеше жыл бойы осы мақсатқа жетуге ұмтылды. Бұл жас мамандар балаларға тек ойын ережелерін үйретіп қана қоймай, олардың интеллектуалды дамуына жол көрсететін ұстазға айналады. Заманауи инфрақұрылым, мықты педагогикалық мектеп және мемлекеттік қолдаудың синергиясы Қазақстандағы шахматты және шахматтық білімді жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», деді ол.

Шахматтан ел чемпионаты басталды

Соңғы жаңалықтар