АТЫРАУ. 25 ақпан. Атырау облысында ресми құжатты шын мәнінде бұрмалап, өзі жалған қол қойып, ресми құжатқа жалғандық жасағаны үшін полиция қызметкеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы Мақат аудандық прокуратурасы хабарлады.
«Абзал Озықбай 2014 жылғы 13 қарашада сағат 13.00 шамасында Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полиция ротасының полицейі лауазымында қызмет атқара жүріп, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам бола тұра, ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізу, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізу, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беру арқылы өзiне пайда мен артықшылық алумен, ұйымдарға зиян келтiру арқылы қызметтік жалғандық жасау мақсатында, азамат Алдияр Салықовпен Атырау қаласы Атырау ықшам ауданында кездескен. Өзімен бірге алып келген 06 №030583 санды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға арналған уақытша көлік құралын жүргізу куәлігіне Алдияр Салықовтың 2014 жылғы 5 қарашада Мақат аудандық сотының қаулысымен 1 жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырылғанын біле тұра, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163-1 бабын бұзғаны үшін деген жалған мәліметтер енгізіп, хаттама толтырған қызметкердің орнына Арманұлы А.М. жол патрульдік полиция ротасының қызметкері деген жалған ішкі істер органын қызметкерінің аты-жөнін көрсетіп, ресми құжатты шын мәнінде бұрмалап, өзі жалған қол қойып, ресми құжатқа жалғандық жасағаны үшін А.Салықовтан барлығы 15 000 теңге алған. 2014 жылғы 24 қарашада сағат 22.50 шамасында Мақат поселкесінде орналасқан «Залина» кафесінің тұсында маркасы «Лада Приора» мемлекеттік белгісі 625 ССА 06 автокөлігі тоқтатылып, құжаттарын тексеру кезінде А.Салықовтан Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің жол- патрульдік полиция ротасының полицей-жүргізушісі А.Озықбаймен берілген 06 №030583 санды Арманұлы А.М. жол-патрульдік қызметкері аты-жөні көрсетіліп, жалған мәліметтер енгізілген көлік құралын уақытша жүргізу куәлігі анықталған» деп хабарлады Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол Бағытжанов.
Осыған байланысты өткен сот отырысында А.Озықбай өзінің кінәсін толық мойындаған. Сонымен бірге, өзінің жасаған әрекетіне енді шын өкінетіндігін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрапты. Бірақ, Мақат аудандық сотының үкімімен А.Озықбай Қылмыстық Кодекстің 314-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сөйтіп, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, А.Салықов жалған құжатты көрінеу біле тұра пайдаланғаны үшін аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 325-бабындағы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, екі сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылыпты.
Сот үкімі күшіне енді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Мақат аудандық прокуратурасы.
Сулет: «ҚазАқпарат».

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30