Футбол • Бүгін, 17:39

Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев клубтың киелі саналатын нөмірін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымында 17 жастағы ойыншы алаңға 10-нөмірімен шығатын болады. Айта кетейік, өткен маусымда алматылық ұжымның сұрмергені 9-нөмірмен өнер көрсеткен болатын.
Футбол иерархиясында оныншы нөмір әрдайым команданың басты жұлдызы мен шешуші ойыншысына тиесілі екені белгілі.
Еске сала кетейік, өткен маусым жас футболшы үшін тарихи белес болды. Ол «Қайрат» сапында Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ-2025) чемпионы атанып, алматылық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Сәтпаев Қазақстан чемпионатында барлығы 26 матч өткізіп, 14 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Соңғы жаңалықтар