Полиция департаменті жүргізілген талдау нәтижелері ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыс деңгейі төмендеп кеткенін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта бірқатар ауданда осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.
Айта кету керек, Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында арақ-шарап сатудан бас тартқан ауылдар саны әзірге аз. Тәжірибе көрсеткендей, алкогольден бас тарту құқық бұзушылықтар санының азаюына тікелей әсер етеді. Мәселен, Шалқар ауданындағы Шетырғыз ауылының тұрғындары 2020 жылы спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан. Соның нәтижесінде соңғы алты жылда осы елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
«Арақсыз ауыл» акциясына қосылатын елді мекендер санын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.