Қоғам • Бүгін, 08:12

Қоныс аударушыларды қолдайды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Оңтүстіктен – Сол­­түс­тікке көшу» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­масы аясында ке­йін­гі екі жылда Ұлытау өңіріне 56 отбасы қоныс аударған. Әсіресе 2025 жылы 27 отбасы, яғни 111 адам көшіп келді. Биыл тағы 27 отбасыны өңірге тарту жос­­­парланып отыр.

Қоныс аударушыларды қолдайды

Сурет: Tizgin.kz коллажы

Қоныс аудару бағдар­ламасы бойынша әр отба­сы мүшесіне 300 мың теңге көлемінде біржолғы жәр­демақы беріледі. Сондай-ақ бір жыл бойы тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 100 мың теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Қызылорда облысынан қоныс аударған Ырысбек Өмірбайдың отбасы бүгінде Жезқазған қаласында тұрып жатыр. Ол «Е-қызмет» онлайн платформасы арқылы бос лауазымға өтінім беріп, мемлекеттік қызметке орналасты.

«Мен бұрын әкімдікте жұмыс істегенмін. Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысты бағдарламамен әуелден таныспын. «Е-қызмет» онлайн платформа­сы арқы­лы бос лауазымға өті­нім бердім. Қазір Табиғи моно­­­полияларды реттеу коми­­­­те­тінің Ұлытау облысы бо­йынша департаментінде бас маман болып жұмыс істеймін. Осы конкурсқа қатысу нәтижесінде Ұлытау облысының «Оңтүстіктен – Солтүстікке көшу» мемле­кеттік бағдарламасына ен­генін естідім. Облыстағы мансап орталығының мамандарымен сөйлесіп, Ұлытау өңі­ріне түбегейлі көшуге шешім қабылдадым», дейді Ы.Өмірбай.

Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жас маман қазіргі уақытта Ұлытау облысынан баспана алуға әрекет жасап жатыр.

 

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22