Фото: pixabay.com
Астана 27 ақпанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы −31…−33 °C дейін төмендейді, күндіз −19…−21 °C шамасында болады.
28 ақпан күні ауа райы айтарлықтай өзгермейді, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Түнде −28…−30 °C, күндіз −15…−17 °C.
1 наурызда елордада жауын-шашын болмайды, ауа райы құбылмалы бұлтты. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 5-10 м/с-қа дейін жетеді. Түнде −28…−30 °C, күндіз −13…−15 °C.
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Алматыда 27 ақпанда күн бұлтты болады деп болжанған: түнде қар жауады, күндіз қар аралас жаңыр жаууы ықтимал. Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Түнде −2…−4 °C, күндіз 0…−2 °C.
28 ақпанда күн бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, ал түнде қалың қар күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман, көктайғақ болады. Түнде −7…−9 °C, күндіз −3…−5 °C.
1 наурызда ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Түнде −9…−11 °C, күндіз −3…−5 °C.
Шымкентте 27 ақпанда ауа райы құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +1…+3 °C, күндіз +6…+8 °C.
28 ақпанда жауын-шашын күтілмейді, бірақ түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні 8-13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0…−2 °C, күндіз +7…+9 °C.
1 наурызда қалада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с дейін жетеді. Түнде −2…−4 °C, күндіз +9…+11 °C.