«Жаңа Конституция жобасында адам капиталын, білім беру ісін, ғылым мен инновацияларды дамыту мәселесі негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Осылайша жаңа Конституция мемлекет дамуына тың серпін береді. Жаңа Конституцияның мәні мен маңызы – оның еліміздегі барша азаматтың, барлық әлеуметтік және кәсіби топ өкілдерінің мүддесі мен сұранысын қамтуында», деді Ерлан Қарин.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ата заң жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту және тәуелсіз адвокаттардың рөлін арттыруға ерекше мән берілгендігін көрсетті. Жиынға басшылық еткен облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа Конституцияның мемлекет дамуы мен қоғам тұрақтылығын нығайтудағы маңыздылығы туралы айта келіп, өңірде экономиканы әртараптандыру, инвестициялық белсенділікті күшейту, жаңа жұмыс орындарын ашу мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынатындығын айтып өтті.
Осыдан кейін жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе рельс-арқалық зауытында теміржолшылармен кездесіп, өндіріс алаңдарын аралады.

Ақтөбе облысы