Ауа райы • Бүгін, 09:44

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-ден бастап келесі республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қайта ашылды:

Ақтөбе облысы

  • «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (ЭКОойл жанармай құю бекеті – Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

  • Аталған автожолдың 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).

Жабық жолдар

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды:
 
Қызылорда облысы
  • «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1912 шақырымы (Арал қаласы – Байгекүм ауылы);
  • Осы жолдың 1912-2055 шақырымы (Байгекүм ауылы – Түркістан облысының шекарасы).

Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді

Түркістан облысы

  • Аталған автожолдың 2055-2095 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы).

Абай облысы

  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 320-528 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Баршатас ауылы);
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырымы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

  • Осы автожолдың 1103-1256 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласы).

Жамбыл облысы

  • «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы –Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы);
  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 750-893 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы);
  • Осы жолдың 893-955 шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 738-750 шақырымы (Сарышаған кенті – Жамбыл облысының шекарасы).

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

Алматы облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 955-1121 шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы – Құрты ауылы).

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар тұс) өткелдің шеткі арқалықтарының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді. 
Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00