Бокс • Бүгін, 09:28

«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогінің» төртінші жарыс күнінің күндізгі сессиясында Қазақстанның тоғыз былғары қолғап шебері жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды

Аталған жекпе-жектер мынадай нәтижелермен аяқталды: Әйгерім Сәттібаева (48 кг) – Анна Охота (Украина) 0:5, Әнел Құдайберген (48 кг) – Сабина Бобоқұлова (Өзбекстан) 0:5, Жайна Шекербекова (52 кг) – Йоселин Перес (АҚШ) 0:5, Элина Базарова (54 кг) – Айшен Ташқын (Түркия) 5:0,  Әнел Сақыш (54 кг) – Ана Ливия Висенте Линарес (Бразилия) 4:1, Фарух Тоқтасынов (70 кг) – Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түркіменстан) 5:0, Илья Калинин – Юри Фалькао (Бразилия) 0:5, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 кг) – Джон Макконнелл (Ирландия) 5:0 және Ертуған Зейнуллинов (65 кг) –  Маркус Лютер (АҚШ) 4:1.

Естеріңізге сала кетейік, 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды. Жарыстың төртінші күні Қазақстанның 19 былғары қолғап шебері күш сынасты.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00