Ауа райы • Бүгін, 09:50

Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

Абай облысы
Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығысы мен оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады. Күндіз оңтүстікте жауын-шашын (негізінен қар) күшейіп, таулы аймақтарда қар мол түседі. Солтүстігі, оңтүстігі және таулы өңірлерінде тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында шығыс, оңтүстік-шығыс желі 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстік және оңтүстік аудандарда тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде ауа температурасы 41 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады.

Жамбыл облысы
Таулы аймақтарда қалың қар мен жаяу бұрқасын болжанады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жетісу облысы
Оңтүстігі, шығысы және таулы өңірлерінде кей уақытта қалың қар жауып, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы
Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Қарағанды облысы
Түнде және таңертең оңтүстігінде қар мен жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Шығысында түнде 35 градусқа дейін қатты аяз болады.

Қостанай облысы
Оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысы
Көктайғақ болжанады. Облыстың орталығы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, түнде орталығы мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысы
Батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде шығыс, оңтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз солтүстік және шығыс аудандарда аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысы
Түнде жауын-шашын күтіледі, батысы мен таулы аймақтарында жаңбыр мен қар мол түседі. Күндіз облыстың оңтүстігі, батысы, орталығы және таулы өңірлерінде жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, солтүстік пен таулы аймақтарда көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысы
Солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман күтіледі. Түнде солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00