Табиғат • Бүгін, 11:40

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауға қоқиқаздардың алғашқы легі ұшып келді. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Елімізде сирек кездесетін әрі қорғауға алынған құстар қала маңындағы Қаракөлге қонған. 

Азамат Сәрсенбаев бір топ қоқиқаздың су бетіндегі көрінісін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті

Қызғыл түсті құстардың керемет көрінісі жергілікті тұрғындардың көзайымына айналып, желі қолданушылары да жоғары қызығушылық танытқан.

«Семей орманы» резерватында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

Айта кетейік, қоқиқаздар Маңғыстау өңіріне көктемнің басы мен күзде келеді. Құстар Қаракөлде сәуірдің соңына дейін қонақтап, одан кейін әрі қарай ұшып кетеді. 

Соңғы жаңалықтар