Астана уақыты бойынша 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Даниял Сәбит (50 кг) Улаш Ялчинкаямен (Түркия), Фарух Тоқтасынов (70 кг) Рэнди Ботикалимен (Германия), Бағлан Кенжебек (55 кг) Билгуунсайхан Хархуумен (Моңғолия), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) Мәлік Гасановпен (Әзербайжан) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 кг) Лавант Браунлимен (АҚШ) жұдырықтасады.
21:00-де басталатын кешкі сессияда Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) Ақмалжон Исроиловпен (Өзбекстан), Дәулет Төлемісов (90 кг) Джозеф Авинонгьямен (АҚШ), Нұрлан Сапарбай (+90 кг) Озодбек Әлиевпен (Өзбекстан), Бекзат Таңатар (85 кг) Матвей Ражбамен (Украина) және Нұрмагамед Юсупов (90 кг) Самир Собировпен (Өзбекстан) сайысқа түседі.
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді