Ауа райы • Бүгін, 16:10

Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 2026 жылғы қаңтар айында елімізде жаңа температуралық максимумдар тіркеліп, соның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңарғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды

Фото: carivka.com.ua

Мәселен, қаңтардың бірінші онкүндігі бүкіл ел аумағында, сондай-ақ екінші онкүндіктің басында оңтүстікте күн райы әдеттегіден жылы болған. Орта Азия аймақтарынан жылы ауа массаларының жылжуы кезінде бірқатар өңірде тарихи максимумдар жаңаруына әсер еткен. 

«Қазгидромет» дерегінше, 11 қаңтарда Қарағандыда ауа температурасы +5,5 °C-қа жетіп, 2016 жылғы алдыңғы рекордтан 1,5 градусқа жоғары болса, Шымкентте +17,4 °C тіркеліп, 1987 жылғы максимумнан (+17,3 °C) асты. Таразда термометр бағандары +19,3 °C-қа көтеріліп, 1999 жылғы бұрынғы рекордты (+14,2 °C) айтарлықтай басып озды.

Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

12 қаңтарда Ақтауда ауа температурасы +13,4 °C-қа дейін жылынып, бұл 2025 жылғы рекордтық мәннен (+9,7 °C) жоғары көрсеткіш тіркелді. Осы күні Қарағандыда да  +1,2 °C тіркеліп, 1975 жылғы максимумнан (+1,0 °C) асып түсті. Осылайша 51 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарған. Семейде ауа температурасы +1,5 °C болып, 1975 жылғы көрсеткіштен (+1,0 °C) жоғары болды. Өскеменде ауа +4,4 °C-қа дейін жылып, 1987 жылғы рекордтан (+3,4 °C) асқан.

13 қаңтарда Түркістанда +16,8 °C тіркеліп, 1986 жылғы максимумнан (+11,3 °C) жоғары болды.

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Сонымен қатар елдің солтүстік жартысында суық ауа массаларының келуіне байланысты температура күрт төмендеді. Түнгі уақытта термометр бағандары −30…−38 °C-қа дейін түссе, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аяз −40 °C-қа жетті. Марқакөл метеостанциясында −42,6 °C тіркелді.

Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі

Астанада қаңтар айының орташа температурасы −14,3 °C болды, бұл климаттық нормадан (−14,5 °C) сәл жоғары. Айдың ең жоғары температурасы 11 қаңтарда тіркелді. Ол күні күн райы  +1,6 °C шамасында болды. Ең суық күн 17 қаңтар болды, бұл күні ауа температурасы −28,3 °C-қа дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25