Аймақтар • Бүгін, 21:32

Алматыда IV Орталық Азия Неврологиялық форумы аяқталып келеді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың басында шамамен 600 мыңға жуық отандасымызға түрлі сипаттағы неврологиялық диагноздар қойылғаны тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда IV Орталық Азия Неврологиялық форумы аяқталып келеді

Осы орайда ең күрделі мәселелердің бірі – инсульт болып тұр. 2024 жылы инсультқа 49 мыңдай адам душар болса, олардың әрбір бесіншіге жуығы стационарда немесе ауруханадан шыққаннан кейінгі алғашқы бір ай ішінде қайтыс болған. Сондықтан елімізде неврологиялық аурулардың белең алып тұр деуге негіз бар.

Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың да қатары қарқынды өсіп жатқаны байқалады, өйткені екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 62,6%-ға жетті. Алайда мамандардың пікірінше, ресми статистика деменцияға шалдыққан адамдардың нақты санының тек 10–15%-ын ғана қамтиды.

Ал Паркинсон ауруы 13 343 адамда анықталса, шашыраңқы склероз 3 885 науқаста тіркелген, әрі бұл дерт жастар арасында да жиі анықтала бастады.

Қазақстанда неврологиялық аурулар санының артуына әсер ететін қосымша факторлардың бірі – мамандардың иығына түсетін салмақ. Мәселен, мемлекеттік секторда медицина қызметкерлерімен жасақталу деңгейі 90%-дан асқанымен, бұл көрсеткіш қосымша жұмыс көзі немесе бір қызметкердің бірнеше ставка есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

Сол сияқты жекеменшік сектордағы кадр тапшылығы шамамен 20%-ға жетеді, әсіресе амбулаториялық буында. Яғни, жүйе еңбек қарқындылығын арттыру есебінен жұмыс істеп тұр, бұл кәсіби тұрғыда қажуды күшейтіп, тұрақтылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен ем-домдардың шипасын арттыру, инновациялық емдеу әдістері мен цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері 2026 жылғы 27–28 ақпан күндері Алматыда өтіп жатқан IV Орталық Азия Неврологиялық форумының өзекті тақырыбына айналды.

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

Халықаралық форумда «Қантамырлық деменцияның алдын алу: жасанды интеллект көмегі шынайы ма?», «Ишемиялық инсульттің жедел кезеңінде нейрометаболикалық терапияның мүмкіндіктері», «Дәріге төзімді эпилепсияны диагностикалаудағы стереоЭЭГ», «Инсульт алған науқас: түрлі сатыдағы оңалтудың сабақтастығы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Форум денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегияларын және заманауи клиникалық хаттамаларды енгізу мәселелерін талқылауға арналған алаң болмақ.

Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді

Соңғы жаңалықтар