Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
Маңғыстау облысы
• «Таушық – Шетпе» автожолы, 0-70-шақырым (Таушық – Шетпе учаскесі);
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолы, 632-786-шақырым (Шетпе ауылы – Ақтау қаласы);
• «Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожолы, 0-58-шақырым (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы);
• «Ақтау – Құрық» автожолы, 13-72-шақырым (Ақтау қаласы – Құрық ауылы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.