Жаңа партияның негізгі мақсаттары – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ экономикалық және сот әділдігін қалыптастыру.
Бастама авторларының айтуынша, партияның миссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция қағидаларын іске асырумен байланысты. Сонымен қатар олар елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға дайын азаматтарды біріктіруді мақсат етеді.
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
16 сәуір күні бастамашы топ партияны тіркеу рәсімін бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жолдауды және құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отыр.