Ауа райы • Бүгін, 09:45

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон және фронттардың әсерінен жауын-шашын болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» мәліметінше,  Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, ал солтүстікте қар болжанған. Тек орталық пен шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс, солтүстік және оңтүстіктің таулы аймақтарында бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қар жауып бұрқасын болады. Екпінді жел соғады. Түнде ауа температурасы -20…-22°C, күндіз -6…-8°C болады.

Алматыда күн соңында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C болуы мүмкін.

Шымкентте көшпелі бұлт жүріп, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C болады.

Ақтауда да бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Түнде шамамен 0°C, күндіз +3…+5°C болады.

Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

Ақтөбеде бұлтты ауа райы болжанған, аздаған жауын-шашын түседі (көбіне қар). Түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C болады.

Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -4…-6°C, күндіз +3…+5°C болады.

Жезқазғанда күн райы бұлтты болғанмен, жауын-шашын жаумайды. Түнде -11…-13°C, күндіз -4…-6°C болады.

Қарағандыда жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығып, кей уақытта қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз екпінді жел күтіледі. Түнде -19…-21°C, күндіз -5…-7°C болады.

Қонаевта күн райы бұлтты, күн соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Күндіз екпінді жел соғады. Түнде ауа температурасы -8…-10°C, күндіз +2…+4°C болуы ықтимал.

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қостанайда қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде ауа температурасы -9…-11°C, күндіз -4…-6°C болады.

Қызылордада жауын-шашынсыз күн райы болжанған. Түнде -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.

Павлодарда бүгін жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -28…-30°C, күндіз -10…-12°C болады.

Петропавлда қар жауып, бұрқасын күтіледі. Түнде -21…-23°C, күндіз -8…-10°C.

Семейде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Түнде -26…-28°C, күндіз -10…-12°C.

Талдықорғанда күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған. Түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. Түнде -22…-24°C, күндіз -2…-4°C.

Таразда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C.

Түркістанда күн жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0…-2°C, күндіз +8…+10°C болады.

Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды

Оралда бүгін ауа райы жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шыққанмен жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы -28…-30°C, күндіз -10…-12°C болады.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:29