Фото: sauda.e-qazyna.kz
Нысан заңсыз жолмен алынғаны анықталып, 2023 жылы Қаржы министрлігінің балансына берілген. Енді ғимарат мемлекеттік аукцион платформасында сатылымға қойылмақ. Бастапқы бағасы − 61 млрд теңге. Бұл сомаға ғимараттың өзі және жер телімін жалға алу құқығы кіреді.
Kaisar Plaza – автотұрағы мен панорамалық қабаты бар тоғыз қабатты сауда-кеңсе орталығы. Қазіргі таңда мұнда 53 ұйым жалға алушы ретінде орналасқан. Олардың қатарында ірі банктер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық тамақтану орындары бар.