Ауа райы • Бүгін, 09:28

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 5 наурыз күні Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Абай облысында түнде оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, кей өңірлерде жаяу бұрқасын соғады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігі мен тау бөктерінде кей уақытта қатты жауын-шашын, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Желдің екпіні 18-23 м/с, кейде 28 м/с-қа дейін жетеді.

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ күтіледі, таулы өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында түнде жолдарда көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында қар, жаңбыр және жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман болады.

Қарағанды облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар, боран және көктайғақ болжанып отыр.

Қызылорда облысында солтүстік пен орталықта тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, түнде көктайғақ болады.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран және көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, кей жерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман мен көктайғақ та күтіледі.

Ұлытау облысында түнде қар мен жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында да қар, жаңбыр және көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40