Ауа райы • Бүгін, 09:40

Қай өңірлерде жол жабық?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қай өңірлерде жол жабық?

Фото: Ашық дереккөз

2026 жылғы 5 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, бірқатар өңірлерде республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс ашық.

Қозғалыс ашық жолдар

Солтүстік Қазақстан облысы:  

  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы;
  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай;
  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл;
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей шекарасы;
  • Қостанай – Мамлютка және басқа да жолдарда көлік қозғалысына рұқсат берілген.

Ақмола облысында:

  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл, Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық, Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка бағытындағы бірқатар жол учаскелері ашық.

Қостанай облысында:

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы;
  • Қостанай – Мамлютка және Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағыттарында қозғалыс рұқсат етілген.

Шектеу енгізілген жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір өңірлерде барлық көлік түрлеріне уақытша шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында:

  • Ақтөбе – Ресей шекарасы (Әлімбет өткізу пункті) жолының 39-136 шақырым аралығы;

  • Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас бағытындағы жолдың Ақтөбе – Қарабұтақ аралығы жабық.

Жетісу облысында:

  • Үшарал – Достық – Қытай шекарасы автожолының 84-164 шақырымы (Көктұма станциясы – Достық станциясы).

Павлодар облысында:

  • Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы тасжолындағы «Қалқаман» жолайрығында көлік қозғалысы шектелді. Бұл шектеу көпір құрылымының зақымдануына байланысты енгізілген.

Еске сала кетейік, еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40