10 мың теңгелік ескі және жаңа банкноттарды қатар қолдану мерзімі 27 маусымда аяқталуы тиіс еді. Алайда қаржы институты бұл мерзімді ұзарту туралы шешім қабылдаған.
«Біз мерзімді тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұл купюраларға сұраныс жоғары. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, яғни негізінен екінші деңгейлі банктер бізге мерзімді тағы бір жылға ұзарту туралы өтініш білдірді», деді Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды
Бұған дейін Ұлттық банк 10 мың теңгелік купюралар азаматтар мен кәсіпкерлер арасында ең кең таралған банкноттардың бірі екенін хабарлаған. Ал 2 мың және 10 мың теңгелік банкноттардың қатар қолдану мерзімі бір уақытта аяқтау банк жүйесіне қосымша жүктеме түсіруі мүмкін.