Ата заң • Кеше

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Онда азаматтар елдің жаңа Конституциясы жобасына қатысты өз ұстанымын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

Дауыс беру күніне дейін қазақстандықтар құжаттың мазмұнымен жан-жақты таныса алады. Конституция жобасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының ресми сайтында жарияланған. Онда кез келген адам ұсынылып отырған өзгерістер мен түзетулерді оқи алады.

Жобаны жариялаудағы басты мақсат – алдағы референдумның ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарға Ата заңның барлық баптарын мұқият зерделеуге мүмкіндік беру.

Еске салайық, республикалық референдум – халықтың тікелей ерік білдіру нысандарының бірі. Оның нәтижесі конституциялық өзгерістердің одан әрі бағытын айқындап, елдің саяси және құқықтық жүйесінің дамуына әсер етуі мүмкін.

Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт

Сарапшылардың айтуынша, құжат мәтінімен алдын ала танысу азаматтарға дауыс беру кезінде саналы шешім қабылдауға және ұсынылып отырған реформаларға қатысты өз пікірін қалыптастыруға көмектеседі.

 Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Соңғы жаңалықтар