Оқиға • Бүгін, 13:30

Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт 2-ші Первомайская көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде болған. Жалын тұтанған сәтте ғимараттың подъезі қалың түтінге толып, тұрғындарды шұғыл түрде сыртқа шығару қажет болды. Кейбір тұрғындар өрт сөндірушілердің арнайы баспалдақтары арқылы қауіпсіз жерге түсірілді.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел жетіп, түтін басқан подъезден арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, баспалдақ арқылы 27 адамды сыртқа алып шыққан. Олардың ішінде 15 бала бар.

Сонымен қатар құтқарушылар үйден тағы 76 тұрғынды эвакуациялады. Олардың 23-і – балалар.

Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт толықтай сөндіріліп, жағдай бақылауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. 

Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше