Білім • Бүгін, 10:35

Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының білім басқармасы екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды

Фото: gov.kz

Қолайсыз ауа райына байланысты мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттерінің сабағы онлайн форматқа ауыстырылды.

Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

«2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.

Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?

Соңғы жаңалықтар