Зауыттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, технологиялық іс-шара кезінде пештің өнімдік иректүтігі бумен жағып тазартылады.
«Бұл процедура Қазақстан Ресепубликасының СТ 3517-2020 ұлттық стандарты талаптарына сәйкес құбырлардың ішкі бөліктерін кокс шөгінділерінен регламенттік тазарту аясында жүзеге асырылады. Энергетика министрлігі жыл сайын бекітетін мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарының кестесіне енгізіледі. Баяу кокстеу қондырғысындағы жоспарлы жұмыстар АМӨЗ-дің наурыз айында жеңіл мұнай өнімдерін өндіру жоспарын орындауға әсер етпейді. Осы кезеңде зауыт тәулігіне 3,5 мың тонна бензин, 4,5 мың тонна дизель отыны мен 0,6 мың тонна авиаотын өндіруді жалғастырады», деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау экологтері мұнай өңдеу зауытын әлі тексеріп жатқанын жазған едік.