Референдум • Бүгін, 14:46

Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысты. 15 наурыз күні сарбаздар 36803 әскери бөлімінде ұйымдастырылған №132 жабық сайлау бөлімшесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді

Жалпы гарнизондағы мыңнан астам сарбаз дауыс берді. Олардың көбі өмірінде алғаш рет дауыс беріп, азаматтық борышын орындады.

Әзербайжандық бақылаушы референдумға оң баға берді

Дауыс бергендердің арасында бойымен көпшіліктің назарын аудартқан сарбаз да болды. Ол – Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген қатардағы жауынгер Илья Хальчуков. Оның бойы 2 метр 10 сантиметр.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының тумасы Илья әскер қатарына сол өңірден шақырылған. Қазір мерзімді қызметін абыроймен өткеріп жүр. Әскери ортада тәртіптілігімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді.

Референдум: Бақылаушылар заң бұзушылық болмағанын растады

Референдум күні ол да өзге сарбаздармен бірге дауыс беру бөлімшесіне келіп, ел болашағына қатысты таңдау жасады.

«Бүгін жабық сайлау бөлімшесіне келіп, референдумда дауыс бердім. Әр азаматтың дауысы маңызды деп санаймын. Сондықтан Отанымыздың болашағына қатысты азаматтық борышымды орындадым. Бұл күн мен үшін ерекше әрі жауапты сәт», деді Илья Хальчуков.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар