Қызылжар кентінің тұрғыны Түймегүл Темірбаева 1910 жылы дүниеге келген. Биыл қаңтар айында ол 116 жасқа толып, еліміздегі ең қарт тұрғын атанды.
Өмірін отбасына арнаған Түймегүл әженің айтуынша, ұзақ өмір сүрудің басты сыры – еңбекқорлық пен жақын адамдарға деген сүйіспеншілік. Бүгінде әженің 15 немересі және 25 шөбересі бар. Ол өмір бойы отбасының тірегі болып, балалар мен немерелеріне үлгі көрсетіп келеді.
Осылайша, ғасырдан асқан ұлытаулық кейуана маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға үлесін қосты.
Ұлытау облысы