Оқиға • Бүгін, 11:45

Қазақстан арқылы жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрлігі еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Осы бастама аясында биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы жаңа халықаралық бағытты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан арқылы жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады

Фото: istockphoto.com

Енді вьетнамдық тасымалдаушы «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдалана отырып, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындайтын болады. Сапарлар аптасына екі рет «Airbus A330» әуе кемелерімен жүзеге аспақ. Бұл қадам Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік торап ретіндегі рөлін бекемдей түспек.

Таяу Шығыстан азаматтарды елге қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды?

Мамандардың пікірінше, жаңа әуе бағыты тек туристік және гуманитарлық байланыстарды ғана емес, сонымен қатар Вьетнам және Чехия елдерімен іскерлік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.

Еске сала кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында ел ішінде жолаушылар ағыны көбеюіне байланысты отандық әуе компаниялар қосымша 160 қосымша рейсті орындайды.

Соңғы жаңалықтар

Қуандық топтан қара үзді

Аймақтар • Бүгін, 13:03