«Біз өскелең ұрпаққа тәрбие беру мен азаматтарды қолдауды әлеуметтік әділдік, жасампаз отаншылдық және еңбекқорлық тұрғысынан қайта қарауымыз керек. Бұл – патернализм моделінен адам мен оның қабілеті басты ресурсқа айналатын өркениетті трансформациялау үлгісіне өту деген сөз. Сондықтан жаңа Конституциямыздың, ең алдымен, адамға бағдарлануы тегін емес», деді Мемлекет басшысы.Біз Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттік. Енді бәріміз бұл мақсатты міндетті түрде іске асыруымыз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – өте күрделі міндет, оны түсінуіміз керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ғылым қауымдастығы кәсіби біліктілік, адалдық және отаншылдық қасиеттерін танытуы қажет. Мен сіздерге үміт артамын», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек
«Біз бір ел, бір жұрт болып осы аса маңызды жұмысқа кірістік. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр бабы, әр тармағы елдігімізді нығайта түседі. Біз Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтауға баса назар аудардық. Бабаларымыз әуел бастан құқықтық мемлекет құруға ерекше мән берген. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысы – соның айқын дәлелі. Қуатты, Күшті, Бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы – жаңа тарихи, геосаяси жағдайдағы бірегей құжат. Оның тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – азаматтарымыздың арман-тілегінен, мақсат-мұратынан туған қастерлі құжат, шын мәніндегі Халық Конституциясы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Әскери қызмет туралы айтпасақ та болады. Бұл арада барлық мамандықты тізіп шығу міндет емес шығар. Жұмыстың жаманы болмайды», деді Қ.Тоқаев.