Оқиға • Бүгін, 15:05

Аттың астында қалып, аяғы сынған: Құтқарушылар 5 күн бойы далада түнеген ер адамды құтқарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 наурыз күні Абай ауданында 56 жастағы ер адам жоғалып кетті. Сол күні ол атпен мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. Хабар түскен бойда Абай ауданының полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен, деп жазады Egemen.kz.

Аттың астында қалып, аяғы сынған: Құтқарушылар 5 күн бойы далада түнеген ер адамды құтқарды

Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. Полиция мен құтқарушылар іздеу барысында жолсыз жерлер, күрделі жер бедері, батпақ, топырақ болып, процесс қиын болғанын атап өтті. Осындай жолда техника бірнеше рет тұрып қалса да, іздеу жұмыстары бір сәтке де тоқтамаған. Операцияға шаруашылық иесі де қатысқан.

Қолайсыз ауа райы мен табиғи жағдайларға қарамастан, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар табандылық танытып, аумақты мұқият тексеріп, барлық ықтимал бағытты қарады.

Полицейлер шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты

Іздеудің 5-күні таңсәріде жоғалған ер адам дін аман табылды. Белгілі болғандай, жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Жарақатына байланысты өздігінен қозғала алмай, осы уақыт бойы далада жатқан.

Табылғаннан кейін оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Құтқарушылар адасқан азаматты іздеп тапты

«Бес күн бойы үміт пен күмәннің арасында болдым. Айналам тым-тырыс еді, қозғала алмадым, әр минут сағаттай көрінді. Бірақ мені іздеп жатқанын білдім. Таң ата алыстан адамдардың даусын естігенде, үмітім қайта оянды. Сол сәтте өмірдің қаншалықты қымбат екенін түсіндім. Мені тапқан полицейлер мен құтқарушыларға шексіз ризамын. Олардың табандылығы мен адамгершілігі менің өмірімді сақтап қалды», деді құтқарылған азамат.

Соңғы жаңалықтар